.RU

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

Дата05.03.2017өлшемі79.95 Kb.
Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің  
2015 жылғы 26 қазандағы
№ 605 бұйрығымен    
бекітілген     

«Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2016 № 67 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      ЖӘБО-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін;
      2) ЖӘБО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, әскери қызметшілер үшін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін, ал өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын азаматтық персонал үшін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін;
      3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      ЖӘБО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру туралы өтініш;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      есептік-әскери құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама);
      Мемлекеттік корпорацияға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру туралы өтініш;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      есептік-әскери құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама).
      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. 
      Құжаттар Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшысы атына: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнінің бас әріптерін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы Мемлекеттік корпорация басшысына өтініш жасау жолымен жолдайды.
      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

«Азаматтың әскери қызметке қатынасы     


туралы анықтамалар беру»           
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                  

Нысан


_______________________
      (облысы)       
_______________________
(ауданы (қаласы)  
қорғаныс істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына     

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беруге өтініш

      1. ___________________________________________________________
            (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
      2. ___________________________________________________________
      (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке
                        сәйкестендіру нөмірі)
      3. ___________________________________________________________
                     (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
      4. ___________________________________________________________
                                 (отбасы жағдайы)
      5. ___________________________________________________________
                           (тұрғылықты мекенжайы)
      6. ___________________________________________________________
                   (соңғы жұмыс орны және атқаратын лауазымы)
      ______________________________________________________________
                            (себебін көрсету)

байланысты тапсырылған әскери билеттің (әскери билеттің орнына


уақытша куәлік), тіркеу туралы куәліктің орнына анықтама беруіңізді
сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны


құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________________ 20__жылғы «___»________ ____________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                       (қолы)

«Азаматтың әскери қызметке қатынасы     


туралы анықтамалар беру»           
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Нысан


Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) ____________________________________;
      2) ____________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің) (қолы)

      Орынд. Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) ____________


      Тел.___________
      Алдым: Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы «___»____________

Достарыңызбен бөлісу:

a-mitrofanov-tajnij-vizit-professora-volanda-nakanune-perestrojki-m-rus-1998-320s.html
a-monastirskij-redaktor-sostavitel.html
a-mudrost-drevnego-egipta-uchebnoe-posobie-aspirantam-moskva-2003-a-g-vojtov-filosofiya-uchebnoe-posobie.html
a-n-alyohin-to-est-desyat-pyatnadcat-minut-nu-dvadcat-minut-dokladchiku-a-znachit-po-desyat-minut-mi-mozhem-predlozhit-na-obsuzhdenie-yaimeyu-v-vidu-chto-dolzhno-bit-ravnoe-vremya-u-vseh-chtobi-ne-bilo-tak-chto-stranica-2.html
a-n-babarickij-pochetnij-stroitel-rossii-kandidat-tehnicheskih-nauk.html
a-n-borodin-elementarnij-kurs-teorii-veroyatnostej-i-matematicheskoj-statistiki-izdatelstvo-lan-1998-e-s-ventcel-l-a-ovcharov-teoriya-veroyatnostej-nauk.html
  • control.bystrickaya.ru/elementi-teorii-oshibok-pogreshnostej-zakonomernost-i-sluchajnost-sluchajnaya-izmenchivost-v-tochnih-naukah.html
  • textbook.bystrickaya.ru/iv-svedeniya-o-finansovo-hozyajstvennoj-deyatelnosti-emitenta-ezhekvartalnij-otchet-oao-lenagaz-kod-emitenta.html
  • znanie.bystrickaya.ru/62-predvaritelnoe-znachenie-diametra-vneshnej-delitelnoj-okruzhnosti-shesterni.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-pervaya-ponimanie-razlichiya-mezhdu-obladaniem-i-bitiem-erich-fromm-to-have-or-to-be.html
  • literature.bystrickaya.ru/bkakovi-potencialnie-izderzhki-prinyatiya-rossiej-bolonskoj-modeli-i-kakovi-puti-ih-minimizacii.html
  • books.bystrickaya.ru/dokument-67-spravochnik-faktov-i-dokumentov.html
  • turn.bystrickaya.ru/polozhenie-o-provedenii-ezhegodnogo-respublikanskogo-konkursa-chelovek-i-priroda-polozhenie-o-provedenii-ezhegodnogo-respublikanskogo-konkursa-ekolider.html
  • composition.bystrickaya.ru/oktyabr--oktyabr-plan-meropriyatij-po-nadzoru-za-soblyudeniem-trebovanij-pozharnoj-bezopasnosti-na-obektah.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/budni-soldatskoj-zhizni-scenarii-konkursnaya-programma-k-23-fevralya-31-scenarij-krossvord-i-zagadki-k-23-fevralya-33.html
  • learn.bystrickaya.ru/evolyuciya-upravlencheskogo-ucheta-i-ego-sovremennoe-ponyatie-metodika-buhgalterskogo-ucheta-28-osnovnie-principi-vedeniya.html
  • tasks.bystrickaya.ru/13-upravlenie-po-rezultatam-v-koncepcii-reformi-otchet-o-razvitii-proekta-5-institucionalnij-komponent-administrativnaya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/super-dance-xxl-stranica-5.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-metrologiya-standartizaciya-i-sertifikaciya-po-specialnosti-220501-65-upravlenie-kachestvom.html
  • predmet.bystrickaya.ru/shesterka.html
  • writing.bystrickaya.ru/federalnaya-celevaya-programma-stranica-11.html
  • textbook.bystrickaya.ru/informacionnij-byulleten-vklyuchaet-ezhemesyachnie-postupleniya-novih-knig-v-fond-massovih-bibliotek-cbs-g-astrahani-po-vsem-otraslyam-znanij-mestonahozhdenie-knig-oboznacheno-uslovno-bukvami-i-nomerami-filialov.html
  • books.bystrickaya.ru/dalnij-vostok-v-godi-velikoj-otechestvennoj-vojni.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vosstanovlenie-instituta-gosudarstvennoj-ekologicheskoj-ekspertizi-gosudarstvennaya-programma-rf-energosberezhenie.html
  • textbook.bystrickaya.ru/i-otrazheni-osnovnie-napravleniya-modernizacii-rossijskogo-obrazovaniya-1-7-bolshaya-rol-v-etih-dokumentah-otvoditsya-voprosam-informatizacii-obrazovaniya-sushest.html
  • universitet.bystrickaya.ru/teper-moj-chered-sozdat-nemnogo-bolshe-radug.html
  • klass.bystrickaya.ru/52-urovni-i-granici-izmenenij-izmeneniyami.html
  • crib.bystrickaya.ru/ii-srednevekove-v-xvii-vv-a-n-markovoj-rekomendovano-ministerstvom-obrazovaniya.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vijti-iz-shineli-novie-izvestiya-kolesnichenko-aleksandr-21022006-30-str-1.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/aaoutside-entity-any-corporation-other-than-a-corporation-that-otkritij-konkurs-po-viboru-strahovoj-organizacii.html
  • writing.bystrickaya.ru/blejk-u-izbrannie-stihi-sbornik-sost-a-m-zverev-na-angl-i-russk-yaz-stranica-9.html
  • reading.bystrickaya.ru/mdeniet-ilim-aartu-informacionnij-byulleten-novih-postuplenij-knig-za-maj-2007-goda.html
  • turn.bystrickaya.ru/otchet-po-itogam-samoobsledovaniya-podgotovki-magistrov-po-napravleniyu-230100-68-informatika-i-vichislitelnaya-tehnika-samara-2010-g.html
  • pisat.bystrickaya.ru/statistika-zanyatosti-i-bezrabotici.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/razdel-3-proizvodstvo-po-peresmotru-zakon-rk-ot-13-07-1999-n-412-o-vvedenii-v-dejstvie-grazhdanskogo-processualnogo.html
  • shpora.bystrickaya.ru/vvedenie-v-psihosomatiku-chast-3.html
  • thesis.bystrickaya.ru/programma-disciplini-postroenie-i-analiz-algoritmov.html
  • studies.bystrickaya.ru/goticheskaya-arhitektura-istoriya-izobrazitelnogo-iskusstva-i-arhitekturi.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-ufa-2008-udk-531075-3-bbk-22-2ya73-stranica-15.html
  • literature.bystrickaya.ru/dopolnitelnaya-obrazovatelnaya-programma-territoriya-uspeha-shag-za-shagom-programma-orientirovana-na-detej-13-15-let.html
  • abstract.bystrickaya.ru/-1-organizaciya-paryashih-poletov-v-termicheskih-voshodyashih-potokah-ekspluataciya-i-tehnika-pilotirovaniya-serijnih-planerov.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.